"Канелоның" келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

boxingscene.com
Төрт салмақ бойынша әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) келесі кездесуін 16 қыркүйекте өткізеді. Бұл туралы боксшының промоутері Оскар Де Ла Хойя айтты. 

"Тағы бір бокс мерекесін ұйымдастырғым келеді. Біз жекпе-жектерді Синко де Майо мейрамы күні жиі өткізетін болдық. Қазір бұл дата бокспен байланысты болып кетті. Енді Мексиканың тәуелсіздік күні тағы бір кездесу ұйымдастырамын. Бұл күні шаршы алаңға "Канело" шығады. Қазір біз осы мәселе бойынша жұмыс істеп жатырмыз", - деді Де Ла Хойя RingTV арнасына берген сұқбатында. 

Промоутердің айтуынша, қазір олар жекпе-жекті жанкүйерлер тамашалайды ма, жоқ осы мәселені де ойластырып жатыр. Сондай-ақ кездесудің қайда өтетінін ақылдасуда. Жекпе-жек Лас-Вегас, Нью-Йорк немесе Техаста өтуі мүмкін. 

Еске салайық, Сауль "Канело" Альварес соңғы рет шаршы алаңға 2 қараша күні шығып, Сергей Ковалевті нокаутқа түсінген еді. 
 






Жаңалықтар