"Канелоның" бұрынғы промоутері Головкиннің командасындағы боксшымен келісімшарт жасады

©vk.com/gggboxing

Ричард Шефердің Probellum промоутерлік компаниясы екі салмақ бойынша бұрынғы әлем чемпионы швециялық Баду Джекпен (24-3-3, 14 КО) келісімшарт жасады.

Джек бұған дейін екінші орта салмақта WBC және жартылай ауыр салмақта WBA Super белбеулерінің иегері болған. Ол соңғы кездесуін маусым айында АҚШ-та өткізіп, венесуэлалық Дервин Колинаны (15-1, 13 КО) жеңді.

Сондай-ақ Probellum жеңіл салмақта өнер көрсететін америкалық Риджис Прогрейспен (26-1, 22 КО) жартылай орта салмақтағы латвиялық Эймантас Станениспен келісімшарт жасады. Прогрейс әлемнің бұрынғы чемпионы және Бүкіләлемдік бокс суперсериясының (WBSS) жеңімпазы. Ал Станенис чемиондық белбеуге үміткер. Ол жуырда WBA белбеуінің суперчемпионы кубалық Йорденис Угаспен (27-4, 12 КО) кездесу өткізеді.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін Баду Джек орта салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) бірге жаттыққан.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар