"Канелоны" жеңген Бивол рингке қайта оралады. Қарсылас та белгілі

©boxingscene.com

Жартылай ауыр салмақта WBA Super белбеуінің иегері ресейлік Дмитрий Бивол (20-0, 11 КО) жыл соңына дейін тағы бір кездесу өткізеді. Бұл туралы промоутер Эдди Хирн (Matchroom Boxing) айтты. 

Еске салайық, 8 мамыр күні Бивол мексикалық Сауль "Канело" Альваресті (57-2-2, 39 КО) жеңген болатын. 

"Биволдың келесі кездесуін жоспарлауға кірістік. Жекпе-жек қазан айында өтетін шығар. Иә, Биволға "Канеломен" екінші кездесу де қызық. Бірақ ол үшін Альварес қыркүйекте Геннадий Головкинмен кездесу өткізіп алсын. Биволдың қарсыласы? Олардың қатарында Хильберто Рамирес, Джошуа Буатси және Каллум Смит бар. Барлығы да мықты боксшы. Жуырда нақты ақпарат айтамыз", - деді Хирн vRINGe.com порталына берген сұқбатында. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар