"Канеломен" спарринг жасаған қазақстандық боксшының келесі қарсыласы анықталды

Сурет: instagram.com/bobirzhan_mominov/
Жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Бобыржан Момыновтың (12-0, 8 КО) келесі қарсыласы анықталды. Бұл туралы боксшының өзі Instagram парақшасында жазды. 

Момынов келесі кездесуін 25-наурыз күні Пуэрто-Рикода өткізеді. Оның қарсыласы 26-жастағы америкалық боксшы Брайан Себальо (12-0, 6 КО) болады. 

"Ассалаумағалейкум. Келесі кездесуім 25-наурыз күні Пуэрто-Рикода өтеді. Жеңіске жетіп, сіздерді кезекті рет қуантуға қолымнан келгеннің барлығын жасаймын", - деді боксшы. 



Негізі, әу баста Момынов 27-наурыз күні Екатеринбург (Ресей) қаласында, украиналық Эдуард Скавинсиймен (13-0, 7 КО) IBF Baltic белбеуі үшін кездесу өткізу керек еді. Бірақ бұл жекпе-жек өтпейтін болды. 

Айта кетейік, Бобыржан Момынов Сауль "Канело" Альварестің (54-1-2, 36 КО)  Геннадий Головкинге қарсы кездесуінің алдында спарринг қарсыласы болған. 




Метки:
Жаңалықтар