"Канело" кардында WBC титулын жеңген қазақ боксшы әлемдік рейтингте жоғарлады

© Main Events
Орта салмақта өнер көрсететін жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов WBC тұжырымы бойынша АҚШ чемпионы титулын иеленгеннен кейін әлемдік рейтингіде жоғарылады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

26 жастағы боксшы бұл белбеуді өткен демалыста Лас-Вегастағы MGM аренасында иеленген болатын, сол кездесуде мексикалық Кристиан Оливасты төрешілер шешімімен жеңген.

Осы жеңістен соң Нұрсұлтанов BoxRec-тің орта салмақтағы боксшылар арасындағы рейтингінде бір орынға көтерілді, енді ол 69-орында тұр.

Қазақстандық боксшы рингте өткізген 13 жекпе-жегінің бәрін жеңіспен аяқтаған, оның сегізін мерзімінен бұрын бітірген. Ал Оливастың еншісінде 16 жеңіс (13 КО) пен алты жеңіліс бар.
Жаңалықтар