"Канело" Головкинмен кездесуге дайын екенін мәлімдеді. Жекпе-жектің қашан өтетіні белгілі

Сурет: latimes.com

Екінші орта салмақта WBC және WBA белбеулерінің иегері Сауль "Канело" Альварес (54-1-2, 36 КО) желтоқсан айында қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (42-1-1, 36 КО) кездесу өткізуге дайын екенін мәлімдеді,- деп жазады Vesti.kz тілшісі.

"Мен кез-келген қарсыласқа дайынмын. Бастысы - ол мықты болу керек. Бұл кездесуде жанкүйерлер де қалауы керек. Егер жанкүйерлер Головкинмен кездескенімді қаласа, мен онымен жекпе-жек өткізуге дайынмын", - деді мексикалық боксшы RingTV арнасына берген сұқбатында.

Одан бөлек Альварес 2021 жылға да керемет жоспар құрып отыр. Ол алдағы демалыс күндері түркиялық Авни Йылдырымға қарсы шығады. Мамыр айында WBO белбеуінің иегері британдық боксшы Билли Джо Сондерске қарсы, ал қыркүйекте IBF белбеуінің иегері Калеб Плантқа қарсы айқас өткізеді. Ал жылды ол жапониялық Риото Муратамен кездесіп, аяқтаймын деп еді. Енді жаңа жоспары бойынша Головкинмен шығып қалуы мүмкін. 

Еске салайық, Головкин мен "Канело" бұған дейін екі рет кездесті. 2017 жылғы жекпе-жек тең аяқталса, бір жылдан кейін өткен айқаста Альварестің мерейі үстем болды. 





 

Метки:
Жаңалықтар