Уақыты мен орны бегілі. Жәнібектің келесі жекпе-жегі белгіленді

©lasvegassun.com

Орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (15-0, 10 КО) рингке қашан оралатыны белгілі болды, деп жазады Vesti.kz.

RingPolska мәліметінше, қазақстандық боксшы Top Rank промоутерлік компаниясы 13 шілде Лас-Вегаста өткізетін бокс кешінде өнер көрсетеді. Қарсылас әзірге белгісіз. 

Жәнібектің келесі қарсыласы WBC ұйымының "уақытша" чемпионы доминиканалық Карлос Адамес (23-1, 18 КО) болуы ықтимал. Боксшылар бірнеше күннен бері әлеуметтік желіде шекісіп жүр. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport