Жүкембаевтың АҚШ жеріндегі алғашқы кездесуі қашан өтетіні белгілі болды

Сурет: Eye Of The Tiger Managment©
Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаевтың (18-0, 14 КО) алдағы кездесудегі қарсыласы анықталды. Боксшының менеджерінің айтуынша, ол қыркүйек айында шаршы алаңға оралады екен. Кездесу АҚШ-та өтеді. 

"Тамыз айының басында Мәскеуге жаттығу жасау үшін жол жүремін. Ол жерде жеке бапкеріммен дайындық өткіземіз. 

Қыркүйекте АҚШ жерінде айтулы айқасты өткізуді жоспарлап отырмыз. Қазір промоутерім осы мәселе бойынша жұмыс істеп жатыр. Дәл қазір қай боксшыға қарсы шығатынымды білмеймін. Бірақ қарсыласым мықтылардың қатарынан болады. 

Қазіргі таңда мен жартылай орта салмақта әлемнің үздік 15 боксшысының қатарындамын. Чемпиондық белбеуге жету үшін бірер қадам қалды. Өз деңгейімді көрсеткім келеді", - деп жазды Жүкембаев. 



Метки:
Жаңалықтар