Жастар Олимпиаданың финалына шыққан қазақ боксшының кәсіпқойдағы келесі қарсыласы анықталды

©olympic.kz

Жастар арасындағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері және Азия чемпионатының жеңімпазы қазақстандық Талғат Шәйкеннің (6-0, 4 КО) кәсіпқой бокстағы келесі қарсыласы анықталды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

20 жастағы Шәйкен келесі айқасын 11 желтоқсан күні Алматы қаласында өткізеді. Оның қарсыласы украиналық Володимир Хордиенко (9-3, 4 КО) болады. Аталған жекпе-жекте WBC Youth World белбеуі сарапқа салынады. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар