Иван Дычконың келесі қарсыласы 41 жастағы ардагер боксшы болады

Сурет: profiboxing.kz

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін Иван Дычконың (9-0, 9 КО) келесі қарсыласы ресейлік Денис Бахтов (39-18, 26 КО) болады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Бұл кездесу 10-шілде күні өтеді. Жекпе-жек кешін MTK Kazakhstan промоутерлік компаниясы ұйымдастырады.

30 жастағы отандасымыздың қарсыласы өте тәжірибелі боксшы. Бахтовтың жасы 41-де. Бірақ ол осы уақытқа дейін 18 кездесуде жеңілген. Ал Дычко болса әлі кәсіпқой бокста жеңілмеді.

Метки:
Жаңалықтар