Инсайдер Головкин - Шеремета жекпе-жегінің өтетін нақты уақытын хабарлады

Сурет: DAZN
Испаниялық ESPN Deportes басылымының журналисі Сальвадор Родригестің мәліметінше, DAZN қазақстандық Геннадий Головкин мен поляк Камил Шеремета жекпе-жегінің өтетін уақытын белгіледі.

Стриминг сервис орта салмақтағы титулды жекпе-жекті өз кестесіне қосқан. Кездесу биыл қарашада өтеді деп хабарланды. Бұған дейін Головкиннің промоутері Эдди Хирн қазақстандықтың боксшының жанкүйерлерсіз рингке оралуға асықпай жүргенін айтқан болатын. Головкин шектеу шараларының жеңілдетілгенін күтіп, фанаттар алдында жұдырықтасуды қалайды.

Еске салайық, бұған дейін түрлі БАҚ-та Головкин - Шеремета жекпе-жегінің өтетін уақыты туралы бірқатар күнді айтқан. Оның ішінде 7 қараша да болған еді.

Айта кетейік, бұл жекпе-жек биылғы ақпаннан бері бірнеше рет шегерілген болатын.
Метки:
Жаңалықтар