Головкиннің бұрынғы қарсыласы қамауға алынды. Ол 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Сурет: HBO Boxing
Орта салмақта әлем чемпондығы атағына үміткер болған америкалық боксшы Доминик Уэйд үш қылмыстық іс бойынша қамауға алынды. Бұл туралы Boxingscene.com порталы хабарлайды.

Боксшыға қыз зорлады деген айып тағылып отыр. Егер спортшы бұл іс бойынша кінәлі деп танылса, 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, қылмыс 23 шілде күні жасалған. Боксшы қамау туралы рұқсат қағазын Чарльз округінің шерифі 28 тамыз күні шығарылып, 8 қыркүйек күні Уэйдге берілген. Содан соң боксшы қамауға алынған.

Бұл іске қатысты бірінші отырыс 6 қазан күні өтеді. 

Айта кетейік, Уэйд бұған дейін өзінің баласының анасына зорлық-зомбылық көрсеткені үшін жауапқа тартылған. 

2016 жылы америкалық боксшы отандасымыз Геннадий Головкиннің қарсыласы болған еді. Жекпе-жек Лос-Анджелес қаласында өтіп, қазақстандық боксшы екінші раундта нокаутпен жеңіске жеткен. 






Метки:
Жаңалықтар