Головкин "Канеломен" үшінші кездесу туралы сұраққа жауап берді

©reviewjournal.com

Орта салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) El Nuevo Herald басылымына берген сұқбатында мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (57-1-2, 39 КО) үшінші кездесу туралы сауалға жауап берді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

- "Канеломен" үшінші кездесу өтуі мүмкін бе?

- Бәрі мүмкін. Егер үшінші кездесуге келіссек, қызықты айқас болатын еді. Үшінші айқас алғашқы екі кездесуден де қызық болады. Өйткені біз бір-бірімізді өте жақсы зерттеп алдық. Қалай жұдырықтасу керектігін білеміз. Не боларын көрейік. Мен мұндай мүмкіндікке дайынмын. 

Еске салайық, Головкин мен Альварес осыған дейін екі рет кездескен. 2017 жылы өткен жекпе-жек тең болса, бір жылдан кейін "Канело" жеңіске жетті. 

Головкиннің келесі кездесуі 29 желтоқсанға белгіленген. Бұл күні отандасымыз орта салмақта WBA (Super) белбеуінің иегері Риота Муратамен жолығады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар