Головкин және Деревянченконың допинг-сынақтарының нәтижесі жарияланды

© Jose Miranda/Frontproof Media
Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен украиналық Сергей Деревянченко жекпе-жек алдында да, кейін де допинг-сынақтан сәтті өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшылар VADA мен WBC ұйымдастырған "Таза бокс" бағдарламасы аясында тексерілді.

"Головкин мен Деревянченконы 6 қазандағы жекпе-жекке арналған допинг-сынақ бағдарламасының сәтті аяқталуымен құттықтаймыз", - делінген VADA хабарламасында.

Осылайша, боксшылардан алынған сынамалардың бәрі таза болып шықты.

Айта кетейік, Головкин бұл жекпе-жекте төрешілер шешімімен жеңген болатын. Кездесуден соң ол орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанды.
Жаңалықтар