"Головкин аш қасқырға ұқсайды". Промоутер "Канелоны" не күтіп тұрғанын айтты

©boxingscene.com

Танымал промоутер Эдди Хирн қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) арасындағы үшінші кездесу туралы ойын айтты. Трилогия 17 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) қаласындағы T-Mobile Arena спорт кешенінде өтеді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"Головкин әлі де жекпе-жек өткізгісі келіп жұлқынып тұр. Ол орта салмақта 15 жыл өнер көрсетті. Енді Альваресті жеңу үшін екінші орта дивизионға ауысты. "Канело" қырғын айқасқа дайын болуы керек. Дәл қазір GGG аш қасқыр секілді. Ол қарсыласын нокаутқа түсіруді ойластырған шығар. Не де болса, бізді сұмдық жекпе-жек күтіп тұр", - деп келтіреді Хирннің сөзін Fightnews.info порталы. 

Еске салайық, бұл кездесуде Альвареске тиесілі екінші орта салмақтағы IBF, WBC, WBA Super және WBO белбеулері сарапқа салынады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар