Golden Boy промоутерлік компаниясымен жұмыс істейтін қазақстандық боксшы титулдық кездесу өткізеді

Автор:
Руслан Мадиев. Сурет: Boxingscene.com©

Golden Boy промоутерлік компаниясымен жұмыс істейтін 28 жастағы қазақстандық боксшы Руслан Мадиев (13-1, 5 КО) жуырда шаршы алаңға шығады,- деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Отандасымыз 4-наурыз күні 27 жастағы пуэрторикалық Даниэлито Соррильяға қарсы жекпе-жек өткізеді. Ол кәсіпқой бокста 14 кездесуде жеңіске жеткен. 11 рет қарсыластарын нокаутпен жеңген. Кездесу он раундқа жоспарланып отыр. Бұл айқаста бірінші жартылай орта салмақтағы WBO NABO белбеуі сарапқа салынады. 

Айта кетейік, Мәдиев соңғы рет шаршы алаңға 2019 жылдың шілде айында Карсон (Калифорния штаты, АҚШ) қаласында шығып, төрешілердің шешімі бойынша филиппиндік боксшы Рикки Сисмундо (35-14-3, 17 КО).

Метки:
Жаңалықтар