"Фирузада ешқандай мүмкіндік жоқ!". Америкалық маман Шарипованың алдағы айқаста оңбай жеңілетінін айтты

©instagram.com/sharipova_firuza

WorldBoxingNews портылының редакторы Фил Джей Vesti.kz тілшісіне жеңіл салмақта әлемнің абсолют чемпионы ирландиялық Кэти Тейлор (19-0, 6 КО)  мен қазақстандық Фируза Шарипова  (14-1, 8 КО) арасындағы айқас туралы ойымен бөлісті. Әңгіме барысында ол қазақстандық боксшының мұндай мықты қарсыласпен кездеспегенін айтып, жекпе-жекке болжам жасады. 

Бұл кездесу 11 желтоқсан күні Ливерпуль қаласында өтеді. Жекпе-жек он раундқа жоспарланған. 

"Мен Шарипованың бұған дейінгі кездесулерін көріп шықтым. Ол қазір WBA тұжырымы бойынша Тейлордың міндетті қарсыласы. Сондықтан ұйым айқасты өткізуге міндетті болды. Сол себепті де Кэти Тейлор кездесуге келісім берді. 

Фирузаның бұған дейін кездескен қарсыластары Тейлордікімен салыстырғанда әлдеқайда әлсіз. Бокста кез-келген дүниенің болатынын білемін. Бірақ бұл кездесуде анық фоварит бар. Менің ойымша, алдағы кездесуде Шарипованың ешқандай мүмкіндігі жоқ", - деді Джей. 

Еске салайық, Шарипова соңғы кездесуінде кәсіпқой рингке алғаш шыққан ресейлік Любовь Беляковадан айласын асырды. Ал Тэйлор болса америкалық Дженнифер Хэнпен (18-4-1, 1 КО) жолығып, барлық белбеулерін сәтті қорғады. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар