"Фак ю, "Канело". Де Ла Хойя Альваресті нокаутқа түсіремін деп уәде берді

Сурет: ESPN

Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының негізін қалаушы Оскар Де Ла Хойя тағы да өзінің бұрынғы тәлімгері Сауль "Канело" Альваресті (56-1-2, 38 КО) мазақ етті. 

Еске салайық, бұған дейін "Канело" Golden Boy Promotions компаниясынан не үшін кеткенін айтып, промоутерді сатқын деп айыптған болатын. Бұл сөздерде Де Ла Хоя былай жауап берді:

"Фак ю, "Канело". Мен туралы неге бұлай айтасың? Мен сені нокаутқа түсіремін. Күт мені. 5,5 кило тастайын. Жекпе-жекке дайын боламын", - деді 47 жастағы функционер. 

Былтыр "Канело" промоутерлік компания мен DAZN-ды сотқа беріп, келісімшартты бұзған болатын. Содан бері Альварес барлық жекпе-жектерін өзі ұйымдастыратын болды. 

 

 

Метки:
Жаңалықтар