ESPN шолушысы Головкинге алда не істеу керегін айтты

©DAZN

ЕSPN порталының латын америкалық редакциясының тілшісі Фернандо Барбоза қазақстандық Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес трилогиясына қатысты ойын айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Бұл боксшылар 18 қыркүйек күні Лас-Вегаста кездесті. 12 ранудтың қорытындысы бойынша бұл айқаста "Канело" төрешілер шешімімен жеңіске жетті. 

"Головкин бұрынғыдай мықты емес. Төрт жыл бұрынғыдай болғанда, "Канелоны" жеңе алатын еді. Дегенмен ол әлі де жоғары деңгейдегі боксшы. Ол үшінші кездесуде шыдамдылық пен шеберлігін көрсетті. Бірақ күші жетпеді. Қалған жағынан оның деңгейі төмендемеді. Орта салмақта Головкин әлі екі-үш кездесуде ол белбеулерін сәтті қорғай алады. Бастысы қарсыласты дұрыстап таңдау керек", - деді Барбоза. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар