Джейкобс Головкинмен реванш өткізу үшін орта салмаққа қайтып оралуы мүмкін

Головкин мен Джейкобс. © USA Today
Орта салмақта әлем чемпионы болған Дэниэл Джейкобс (35-3, 29 КО) келесі жекпе-жегін жаңа салмақта өткізеді. Бұл туралы журналист Майк Коппинджер Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

"Кит Конноллидің айтуынша, Джейкобстың шаршы алаңға қайтып оралуы және қарсыластың есімі алдағы аптада белгілі болады екен. Бәлкім ол 168 фунтқа көтерілетін шығар. Дэнни үшін орта дивизионға қайта оралу мүмкіндігі қала береді, 2020 жылы ол Джермалл Чарломен немесе Головкинмен реванш өткізуі мүмкін", - деп жазды журналист.



Осыған дейін, Джейкобс қазан-қарашада қайтып оралуды жоспарлап жүргені айтылған еді.

Головкин мен Джейкобс 2017 жылы наурызда Нью-Йоркте жұдырықтасқан еді. Сол кезде америкалық боксшы Головкинге 12 раунд бойы қарсылық көрсеткен жалғыз спортшы болған еді.
Метки:
Жаңалықтар