Де Ла Хойя мен "Канело" жұдырықтаса ма? Промоутер жауап берді

Сурет: boxingnewsonline.net

Бес салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы, Golden Boy промоутерлік компаниясын негізін қалаушы Оскар Де Ла Хойя кәсіпқой боксқа қайта оралуы туралы ойымен бөлісті. 

"Қыркүйек айына дейін 12 раундық спарринг өткізуге ниеттімін. Содан соң 2021 жылы боксқа қайта ораламын ба, жоқ па нақты жауап бере аламын", - де Де Ла Хойя DAZN-ға берген сұқбатында. 

Сондай-ақ промоутер төрт салмақ бойынша әлем чемпионы Сауль "Канело" Альвареске қарсы өтуі мүмкін деген кездесуге байланысты пікір білдірді. 

"Канеломен" кездесу? Білмеймін. Бұл ессіздік шығар. Сауль - керемет боксшы. Ол өз ісінің шебері. Соққысы өте ауыр. Білмеймін, Крис, сен мені қазір қайнап тұрған қазанға тастағандай болдың. Бірақ бұл мен үшін шақырту. Ал мен шақыртудан ешқашан бас тартқан емеспін. Ешкімнен қашқан емеспін. Білмеймін. Көреміз", - деді промоутер. 

Айта кетейік, Golden Boy компаниясы "Канелоның" бірінші кездесуінен бастап бірге жұмыс істеп келеді. Бірақ қазір мексикалық боксшы өз жұмыстарын өзі істей бастағанда, оның Де Ла Хойямен қарым-қатынасына сызат түскен секілді. 






 

Метки:
Жаңалықтар