Данияр Елеусіновтің қатысуымен Нұр-Сұлтанда өтетін бокс кешінің билеттері сатылымға шықты

©

Данияр Елеусіновтің қатысуымен Нұр-Сұлтанда өтетін бокс кешінің билеттері 22 қараша күні сатылымға шықты. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне 18 желтоқсан күні болатын бокс кешінің ұйымдастырушысы Зия Алиев айтып берді. 

"18 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында еліміздегі ең айтулы бокс кештерінің бірі өтеді. Қазақстанның Тәуелсіздігің 30 жылдығына орай Данияр Елеусінов жартылай орта салмақта IBO белбеуі үшін жекпе-жек өткізеді. 

Бүгін Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 15:00-де iticket.kz сайтында билеттер сатылымға шығады. Кез-келген жанкүйер өзіне қалағанын орнын таңдап, онлайн билет сатып ала алады", - деді ол. 

Еске салайық, бұл кештің басты айқастарының бірінде аса ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Иван Дычко (10-0, 10 КО) жұдырықтасады. Оның қарсыласы ресейлік Александр Устинов болады. 

Сонымен қатар, бірінші рет 55,3 келіге салмақта Ержан Залилов пен Ескендір Харсан арасында Қазақстан чемпионы белбеуі сарапқа салынады. 

Ал Дәурен Елеусінов болса әзірбайжандық Али Мамедовпен кездеседі. Одан бөлек, бұл кеште Жанқош Тұраров пен Ангелина Лукас та өнерлерін көрсетеді.

Бокс кешін "Хабар" арнасы тікелей эфирде таратады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар