Данияр Елеусінов қашан әлемнің бұрынғы чемпионына қарсы жекпе-жек өткізеді?

Данияр Елеусінов. Matchroom Boxing©
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) тамыз айында әлемнің бұрынғы чемпионы Джулиус Индонгомен (23-2, 12 КО) кездесуі мүмкін. Бұл кездесу туралы боксшының менеджері Vesti.kz порталы толық айтып берді. 

"Шамамен жекпе-жек тамыздың соңында өтуі мүмкін. 15 тамыздан бастап АҚШ жерінде Matchroom Boxing компаниясы ұйымдастыратын шоулар басталады. Айдың соңында екінші жекпе-жек кеші болады. Солай жалғаса береді. Өйткені, көп боксшылар жоспардан қалып қойды. Енді жіберілген мүмкіндіктерді қайта қалыпқа келтіру керек", - деді Алиев. 

29 жастағы Елеусінов үшін Индонгомен кездесу 2020 жылғы бірінші айқас болмақ. Өткен жылы отандасымыз төрт кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Жалпы ол кәсіпқой бокста тоғыз кездесу өткізіп, барлығында да қарсыластарынан үстім түскен. 




Жаңалықтар