"Чемпиондар, қайдасыңдар?". Әлімханұлы бұрынғы әлем чемпионын жеңгеннен кейін мәлімдеме жасады

Сурет: twitter.com/qazaqstyle

Кәсіпқой бокста жеңілістің кермек дәмін татпаған қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы өз салмағындағы әлем чемпиондарын айқасуға шақырды, деп жазады Vesti.kz порталы. 

WBA белбеуінің бұрынғы иегері америкалық Роб Брантты (26-3, 18 КО) жеңгеннен кейін отандасымыз әлем чемпиондарын нокаутқа түсіргісі келетінін айтты. 

Еске салайық, Әлімханұлы Лас-Вегаста өткен боксшы кешінде техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Себебі, америкалық боксшының командасы айқасты ары қарай жалғастырудан бас тартты. 

"Чемпиондар, қайдасыңдар? Мен сендерді нокаутқа түсіргім келеді", - деп жазды Әлімханұлы твиттер парақшасында. 

Айта кетейік, Жәнібек жұдырықтасатын орта салмақта төрт әлем чемпионы бар. Тарқатып айтсақ, IBF және IBO белбеулерінің иегері - Геннадий Головкин, WBC белбеуінің иегері - Джермалл Чарло, WBA Super белбеуінің иегері - Риота Мурата, және WBO белбеуінің иегері Деметриус Андраде. 

 

Метки:
Жаңалықтар