Букмекерлік кеңсе "Канело" - Головкин жекпе-жегінің фаворитін атады

Фото: espn.com
Бұған дейін төрт салмақ дәрежесінде әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 KO) пен орта салмақта IBF, IBO титулдарының иегері Геннадий Головкин (40-1-1, 35 KO) үшінші жекпе-жек туралы ауызша келіскені хабарланған. 

Кездесу 12 қыркүйекте өтеді деп жоспарланып отыр, боксшылар Далластағы (Техас штаты, АҚШ) AT&T стадионында жұдырықтасуы мүмкін. 

Бұл ақпарат шыққан соң букмекерлік кеңселер осы кездесуге коэффициенттерін жасады. BetOnline.ag кеңсесі "Канелоның" жеңісіне 1.38 (-260), Головкиннің жеңісіне 3 (+200) коэффициент ұсынып отыр. 
Метки:
Жаңалықтар