Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқой боксқа ауысты

Қамшыбек Қоңқабаев. Сурет: ҚБФ
Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны аса ауыр салмақта өнер көрсететін Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқой боксқа ауысты деп хабарлайды Vesti.kz порталы MTK Kazakhstan промоутерлік компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бірақ Қоңқабаев Олимпиадарына қатысады. Өйткені ол Токиода өтетін ойындардың лицензиясын алып қойған. 

Қоңқабаев аса ауыр салмақта бірнеше рет Қазақстан чемпионы атанған. Одан бөлек, Азия чемпионаты мен әлем чемпионаттарының финалына шыққан. Наурыз айында капитан Амманде өткен лицензиялық турнирде Олимпиада ойындарының жолдамасын жеңіп алды. Енді 28 жастағы спортшы бірінші рет Олимпиадада бағын сынайды. 

Айта кетейік, MTK Kazakhstan промоутерлік компаниясымен Қоңқабаевтан бөлек Жанқош Тұраров (24-0, 17 КО), Виктор Коточигов (11-0, 4 КО), Али Балоев (9-0, 7 КО) және басқа боксшылар жұмыс істейді. Ақпанда бұл компания Азия чемпионы Тұрсынбай Құлахметпен келісімшарт жазды. Содан соң 1 маусым күні жастар арасындағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Талғат Шәйкен де осы компанияға қосылды. 

MTK Kazakhstan компаниясының филиалы Қазақстанда 2019 жылдан жұмыс істей бастады. 





Метки:
Жаңалықтар