Бокстан Қазақстан құрамасы жаттығу жұмыстарын өткізу үшін АҚШ-қа барды

Сурет: ҚБФ
Бокстан Қазақстан құрамасы бас бапкер Марат Джакиевпен бірге АҚШ-қа оқу-жаттығу жиындарын өткізуге барды,- деп хабарлайды ҚБФ. 

Жаттығу жұмыстары 30-қаңтарға дейін жалғасады. Құрамамен бірге Қамшыбек Қоңқабаев, Василий Леви, Бекзад Нұрдәулетов, Зәкір Сафиуллин және Айболды Дәуренұлы барған. 

Еске салайық, бокстан Қазақстан құрамасы Токоида өтетін Олимпиада ойындары ерлер арасында жеті және әйелдер арасында бір жолдама жеңіп алды. 

Ерлерден жолдаманы Сәкен Байбосынов (52 кило), Серік Теміржанов (57 кило), Зәкір Сафиуллин (63 кило), Абылайхан Жүсіпов (69 кило), Әбілхан Аманқұл (75 кило), Бекзад Нұрдәулетов (81 кило), Василий Левит (91 кило), Қамшыбек Қоңқабаев (91 килодан жоғары)алса, әйелдер арасында жалғыз жолдаманы 19 жастағы Надежда Рябец (75 кило) алды. 

Метки:
Жаңалықтар