Биволдың "Канелодан" кейінгі қарсыласы анықталды

©Reuters

Ұлыбританиялық боксшы Джошуа Буатси (16-0, 13 КО) ресейлік Дмитрий Биволмен  (20-0, 11 КО) кездесу өткізуге мүмкіндік алды, деп хабарлайды "Р-Спорт" порталы промоутер Эдди Хирнге сілтеме жасап, 

Бұған дедйін британдық боксшы WBC/IBF/WBO белбеулерінің иегері Артур Бетербиевтің (18-0, 18 КО) қарсыласы болады деген ақпарат шыққан еді. Бірақ Хирн Биволды Буатсимен қарсы қоюға ниетті екен. 

"Біз Биволдың Буатсимен кездескенін қалаймыз. Буатсиге ұсыныс жібердік. Енді ол ұсынысты қабыл алып, келісімшартқа қол қояды деп сенеміз", - деп келтіреді Хирннің сөзін Pro Boxing Fans порталы. 

Еске салайық, Бивол соңғы кездесуін төрешілер шешімі бойынша Сауль "Канело" Альваресті  (57-2-2, 39 КО) жеңіп, жартылай ауыр салмақта WBA белбеуін қорғап қалды. Ал Бетербиев соңғы айқасында америкалық Джо Смиттен (28-4, 22 КО) үстем түсті. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар