"Бивол да, "Канело" да емес!". Бетербиевтің келесі қарсыласы анықталды

©ESPN

Жартылай ауыр салмақта (79,4 келі) WBC, WBO және IBF белбеулерінің иегері ресейлік Артур Бетербиевтің (18-0, 18 КО) келесі қарсыласы анықталды, деп жазады vRinge.com порталы. 

Ресейлік боксшының келесі қарсыласы - канадалық Энтони Ярд (22-2, 21 КО) болады. Ол осыған дейін ресейлік боксшының WBO белбеуіне міндетті қарсылас болған еді. Жекпе-жектің өзі қазан айында өтеді. 

Бұл ақпаратты Ярдтың промоутері Фрэнк Уоррен iFL TV арнасына берген сұқбатында растап, кездесудің қашан өтетінін мәлімдеді. 

"Кездесу 22 қазанда болады. Мен бұл туралы Боб Аруммен сөйлестім. Біз бұл кездесуді ұйымдастырамыз. Иә, Артур Бетербиев Дмитрий Биволмен кездесу өткізгісі келеді. Егер ол осы айқасқа келіссе, онда WBO белбеуінен бас тартуы керек", - деді Уоррен. 

Айта кетейік, америкалық Джо Смитті жеңгеннен кейін Артур Бетербиев осы салмақта WBA белбеуінің иегері Дмитрий Биволмен әлемнің абсолют чемпионы атағын сарапқа салғысы келгенін айтты. Сонымен қатар, ол Сауль "Канело" Альвареспен кездесу өткізуге қарсы емес екенін мәлімдеген болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар