Бек Нұрмағанбеттің келесі кездесуі қашан өтетіні анықталды

23 жастағы қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбеттің (3-0, 2 КО) кәсіпқой бокстағы келесі кездесуі қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Boxrec ақпараты бойынша, отандасымыз 20 мамыр күні Ресейдің Новосибирск қаласында өтетін бокс кешінде жұдырықтасады. Бұл Нұрмағанбекттің кәсіпқой бокстағы төртінші кездесуі болмақ. Жартылай ауыр салмақ лимитіндегі кездесу сегіз раундқа жоспарланған. Бірақ қарсылас әлі анықталмады. 

Еске салайық, соңғы рет Нұрмағанбет шаршы алаңға өткен жылдың желтоқсан айында шығып, 31 жастағы ганалық Эммануэль Дансоны жеңді. 

Нұрмағанбет әуесқойлар арасында 2019 жылы Азия чемпионы болған. Дегенмен сол жылы маусым айында ол ұлттық құрамадан кетіп қалды. 

 

 

Метки:
Жаңалықтар