Айдос Ербосынұлының шаршы алаңға қашан оралатыны анықталды

Сурет: Suleimen Promotions©

Супер орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы 15-0, 10 КО) жаздың соңында өтетін жекпе-жегіне дайындығын бастады. Бұл туралы Vesti.kz порталының тілшісіне боксшыға жақын дереккөз айтып берді. 

Қазірші уақытта Ербосынұлы Қазақстанда, коронавирустан айығып, емін аяқтаған. Вирусқа байланысты ол Евгений Шведенкомен (15-0, 6 КО) жекпе-жек өткізуден бас тартты. Бұл кездесудің жеңімпазы IBF белбеуі чемпионының міндетті қарсыласы болатын еді. 

Бұл кездесу 17 сәуір күні Карлсруэ (Германия) қаласында өтуі керек болатын. Бірақ Ербосынұлы Covid-19 індетін жұқтырып алды. Бірақ Шведенко мен Эдди Крофт мұндай мәліметке сенбеді. 

Айта кетейік, соңғы рет Ербосынұлы желтоқсан айында Нұр-Сұлтан қаласында жекпе-жек өткізіп, ганалық Исса Cамираны (19-1, 16 КО) нокаутпен жеңді. Бұл кездесу ол WBC Asia, WBA International және WBO Global белбеулерін қорғап қалды. 

 

Метки:
Жаңалықтар