Ангелина Лукас жекпе-жегі қашан өтетіні нақты айтылды

©Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас (1-0) шаршы алаңға 22 қазан күні оралады. Бұл туралы боксшы Instagram парақшасында хабарлады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Негізі Лукас шаршы алаңға 2 қазан күні Алматы қаласында шығуы керек еді. Бірақ бұл бокс кеші кейінге шегерілді. 

Ангелинаның алдағы айқастағы қарсыласы украиналық Алена Гуриева (1-2) болады. Боксшылар жеңіл салмақта UBO International  белбеуін сарапқа салады. Кездесудің нақты қайда өтетіні әлі белгілі емес. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар