Америкалық сарапшы Данияр Елеуісновтің Головкин менеджерінен кетуінің шын себебін айтты

Сурет: Matchroom Boxing©

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов жұмыссыз отыра беруден шаршаған. Сондықтан ол промоутер Эдди Хирннен кету туралы шешім қабылдады. Vesti.kz порталының тілшісіне берген сұқбатында Delcotimes.com порталының журналисті Джек МакКаферри осындай пікір білдірді.  

"Елеусінов Хирнмен жұмыс істеуін тоқтатты. Бұл негізі күткен жағдай еді. Мұндай мықты боксшы жұмыссыз отыра алмайды. Индонгоны тамаша жеңгеннен кейін көптеген мамандар оны әлем чемпионы болады деп айтып еді. Бірақ ол жарты жыл жекпе-жек өткізбеді. Бұл әрине боксшы үшін дұрыс емес. Қазір ол жиі-жиі жекпе-жек өткізу керек. Ал MatchRoom болса Елеусіновке қатты көңіл болмейді. Сондықтан да ол Хирннен кетіп отыр. Мұның ақыры қалай болатынын алдағы уақытта көреміз. Менің ойымша, Даниярға мықты промоутерлер табылады", - деді МакКаферри. 

Еске салайық, осы аптада 2016 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Эдди Хирн басқаратын Matchroom Boxing промоутерлік компаниясымен келісімшартын бұзған болатын. Бұл промоутермен қазіргі уақытта Геннадий Головкин жұмыс істейді. 

Соңғы рет Елеусінов шаршы алаңға өткен жылдың соңында шығып, намибиялық Джулиус Индонгоны (23-3, 12 КО) жеңді. Бұл айқаста ол IBF белбеуін иеленген болатын. 

 

Метки:
Жаңалықтар