Америкалық журналист Әлімханұлы мен Бентли кездесуіне болжам жасады

©TOP RANK

Delcotimes.com порталының тілшісі Джек МакКаферри Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері Жәнібек Әлімханұлының (12-0, 8 КО) алдағы кездесуі туралы пікірімен бөлісті. Әңгіме барысында маман отандасымыздың қарсыласы Дензел Бентли (17-1-1, 14 КО) туралы ойын айтып, жекпе-жекке болжам жасады. 

Әлімханұлы мен Бентли арасындағы айқас 12 қараша күні Лас-Вегас қаласында Palms Casino Resort спорт кешенінде өтетін кештің басты жекпе-жегі болады. 

"Әлімханұлы чемпиондық белбеуге лайықты болды. Енді ол өзінің атағын қорғауы керек. Алдағы жекпе-жекте қазақстандық айқын фаворит. 

Бентлидің командасы мықты. Статистикасы да жақсы. Дегенмен ол осыған дейін жеңілген. Нокаутпен. Сондықтан оған жоғалтатын ештеңе жоқ. Ал Әлімханұлы қарсыласты нокаутпен жеңе алатынын жақсы білеміз. Ол аш қасқыр сияқты. Қарсыластың осал тұсын көрсе болды, құлатады. Менің ойымша, бұл кездесуде Жәнібек нокаутпен жеңіске жетеді", - деді МакКаферри. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар