Әлімханұлының қарсыласы алдағы айқас туралы пікірін білдірді

©QUEENSBERRY PROMOTIONS

Ұлыбританиялық боксшы Дензел Бентли (17-1-1, 14 КО) көпшілік неге Жәнібек Әлімханұлынан (12-0, 8 КО) қатты қорқатынын түсінбейтінін айтты. 

"Бұл қызықты әрі тартысты айқас болады. Мен бұл кездесуде жеңіске жете аламын деп ойлаймын. Маған тек Лас-Вегасқа барып, әлем чемпионы белбеуін алып келу керек. Шынымен де жеңе алатыныма сенемін. Барлығы оны мықты, қорқынышты боксшы дейді. Мен бірақ байқамадым. Мүмкін оны дұрыс танымаған шығармын. Оның қаншалықты мықты екенін шаршы алаңда көреміз", - деп кедтіреді Бентлидің сөзін BoxingScene порталы. 

Айта кетейік, Әлімханұлы мен Бентли арасындағы айқас 12 қараша күні Лас-Вегас қаласында өтеді. Бұл кездесуде қазақстандық боксшы бірінші рет өзіне тиесілі WBO белбеуін қорғайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар