Әлімханұлының 2021 жылдың қорытындысы бойынша WBA рейтингісіндегі орны анықталды

©Top Rank

Қазақстандық орта салмақтағы боксшы Жәнібек Әлімханұлы 2021 жылдың қорытындысы бойынша Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) рейтингісіндегі орнын сақтап қалды.

Жәнібек 2021 жылдың қорытындысы бойынша сегізінші орында қалды. Алғашқы үштікке британиялық Кіші Крис Юбэнк, мексикалық Хайме Мунгия және ресейлік Магомед Мадиев жайғасқан.

Еске салайық, өткен жылы "Қазақ стилі" екі жекпе-жек өткізіп, бұрынғы әлем чемпиондары, америкалық Роб Брант пен француз Хассан Ндам Нжикамды мерзімінен бұрын жеңген еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар