Әлімханұлы мен Дигнум кездесуінде қанша соққы жасалғаны жарияланды

©Erik Verduzco, Las-Vegas Review Journal

Орта салмақта өнер көрсететін Жәнібек Әлімханұлының (12-0, 8 КО) WBO "уақытша" чемпиондық белбеуі үшін өткізген кездесуіндегі соққылардың статистикасы шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бұл мәліметтерді CompuBox ұсынды. 

Еске салайық, Лас-Вегас қаласында өткен боксшы кешінің басты айқасында біздің отандасымыз ұлыбританиялық Дэнни Дигнумды (14-1-1, 8 КО) нокаутқа түсіріп, чемпиондық белбеуді иеленген еді. 

Аталған айқаста Әлімханұлы соққылар саны бойынша қарсыласынан алда болды. Тарқатып айтсақ, Жәнібек 94, ал Дэнни 45 соққы жасаған. Қазақстандық боксшының 34 соққысы дәл тисе, ұлыбританиялық боксшының төрт соққысы дөп тиген. Джебтер көрсеткіші 61-34. Дәл тиген джебтердің көрсеткіші 13-5. Ауыр соққылар бойынша 33-11 есебімен Әлімханұлы алда. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар