Әлем чемпионы Ломаченко - Ортис кездесунің нәтижесімен келіспейтінін айтты

©Top Rank

Жартылай орта салмақта WBO белбеуінің иегері Теренс Кроуфорд (38-0, 29 KO) Василий Ломаченко (17-2, 11 КО) мен Джемейн Ортис (16-1-1, 8 КО) арасындағы жекпе-жекте қазылар дұрыс жұмыс істемегенін айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бұл кездесу бүгін Нью-Йорк қаласында өтіп, 12 раундтың қорытындысы бойынша 115-13, 116-12, 117-111 төрешілер жеңісті украиналық боксшыға берді. 

Ал Кроуфордтың айтуынша, бұл кездесуде тең нәтиже тіркелуі керек еді. 

"117-111 деген есеп ақылға қонбайды. Негізі бұл кездесу тең өтті", - деп жазды Кроуфорд Twitter парақшасында. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар