Әлем чемпионы атағына үміткер болған боксшы Головкин мен Альварес арасындағы мықтыны таңдады

Максим Бурсак. Сурет: xsport.ua©
Орта және екінші орта салмақта өнер көрсететін украиналық боксшы Максим Бурсак (36-6-2, 16 КО) қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-2-1, 36 КО) арасында қай мықты боксшы екенін атады, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Боксшыға Instagram парақшасында жанкүйерлерінің сұрақтарына жауап беріп жатқан кезде "Макс, "Канело" ма, әлде "Головкин бе? Кім мықты? деген сұрақ қойылды. 

Бурсак GGG деп жауап берді. 



Айта кетейік, бұған дейін украиналық боксшы Головкинмен кездесуге ниетті екенін айтты. 

Бурсак 2017 жылы мексикалық Хильберто Рамиреске қарсы кездесу өткізіп, жеңіліп қалды. Бұл кездесуде Рамирес WBO белбеуін қорғаған еді. 






Метки:
Жаңалықтар