Александр Усиктің Дерек Чисорамен кездесуінде қанша ақша тапқаны белгілі болды

Сурет: sport.segodnya.ua©
Бірінші ауыр салмақта әлемнің бұрынғы абсолютті чемпионы болған украиналық Александр Усик Дерек Чисорамен болған кездесуде 1,5 миллион фунт стерлинг табыс тапқан. Бұл жерде әлі ақылы көрсеткен телеарнадан түскен табыс есептеліп отырған жоқ. Ал британдық боксшының табысы төрт миллион болыпты. Бұл туралы Total Sportal хабарлап отыр. 

31 қазан күні өткен бұл кездесуде Усик Чисораны төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімі бойынша жеңді. Негізі бұл кездесу мамыр айында өтуі керек болатын. Бірақ коронавирус пандемиясына байланысты қазанның соңында өтті. 

Енді Усик өзінің келесі кездесуінде ауыр салмақта WBA, IBF, WBO және IBO белбеулерінің иегері Энтони Джошуамен кездесуі мүмкін. 






Метки:
Жаңалықтар