Абылайхан Жүсіповтің кәсіпқой бокстағы алдағы жоспары белгілі болды

©Suleimen Promotion

Бокстан Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны, қазіргі уақытта кәсіпқой бокста жартылай орта салмақта өнер көрсетіп жүрген Абылайхан Жүсіпов (2-0, 1 КО) тағы бір қазақстандық Данила Семеновпен (5-0, 2 КО) бірге АҚШ жерінде жаттығу жұмыстарын істеп жатыр, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, Suleimen Promotion компаниясының боксшылары тамыз айының ортасында алдағы айқастарына дайындықтың екінші кезеңін бастайды. АҚШ жерінде олар Бек Нұрмағанбет (7-0, 5 КО), Евгений Павлов (7-0, 5 КО) және Әбілхан Аманқұлдардың (1-0, 1 КО) қатарына қосылады. 

Ал Жүсіпов өзінің келесі кездесуін де АҚШ-та өткізеді. 

Еске салайық, Жүсіпов АҚШ жерінде бір кездесу өткізді. Отандасымыз мексикалық Эдгар Рамиреске (18-21-1, 14 КО) қарсы жекпе-жекте қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар