auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкиннің 5-мамырдағы жекпе-жегі Лас-Вегастан басқа қалада өтуі мүмкін

Головкиннің 5-мамырдағы жекпе-жегі Лас-Вегастан басқа қалада өтуі мүмкін
Геннадий Головкин. Reuters©
Орта салмақтағы WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) келесі жекпе-жегі Лас-Вегас қаласынан Лос-Анджелес қаласына ауыстырылуы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

"Головкиннің 5-мамырдағы кездесуі StubHubCenter спорт кешенінде өтуі туралы келіссөз жүріп жатыр. Калифорниялық бокс жанкүйерлері үшін керемет жаңалық ...", - деп жазды өзінің твиттер парақшасында Los Angeles Times тілшісі Ланс Пагмайер. 




StubHub Center - Лос-Анджелестегі 27 мың жанкүйерге арналған футбол стадионы. Мұнда "Лос-Анджелес Гэлакси" командасы өз ойындарын өткізеді. Қазіргі уақытта бұл клубтың сапында шведциялық шабуылшы Златан Ибрагимович өнер көрсетеді. Спорт кешені 2003 жылы ашылып, осы уақытқа дейін 19 бокс кешін қабылдаған. Соңғысы бокс кеші мұнда 10-наурыз күні өтті. 

"Сондрес туралы ешқандай әңгіме болмады. Олар "Канеломен" екінші кездесуді өткізуге ниетті". Тілші Головкиннің жоспарымен бөлісті

Головкиннің келесі кездесуі 5-мамыр күні Лас-Вегастағы MGM спорт кешенінде өтеді деп жоспарланған. Боксшы жекпе-жек өткізуге Невада штатының Атлеттер комиссиясының (NSAC) рұқсат алып қойған. 

Айта кетейік, Головкин карьерасында үш рет Калифорнияда жұдырықтасқан. Тарқатып айтсақ, 2012, 2015 және 2016 жылдары. Бұл кездесулерде оның қарсыластары мексикалық Марко Антонио Рубио, америкалыұ кіші Вилли Монро және Доминик Уэйд болған. Бұл боксшылардардың барлығын отандасымыз нокаутпен жеңген. 

Негізі әу баста Головкин 5-мамыр күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жұдщырықтасуы керек болатын. Бірақ ақпан айында мексикалық боксшының қанынан кленбутерол дәрумені табылып, NSAC оны уақытша жекпе-жектерден шеттетті. Кейіннен "Канелоның" өзі жекпе-жектен ресми түрде бас тартты. Енді оның ісіне байланысты қаралым 18-сәуірде өтеді. Егер бұл жиын барысында оның допинг қолдандағы расталатын болса, ұзақ уақытқа спорттан шеттетілуі ықтимал. 

Эрисланди Лараны жеңген америкалық боксшы Головкинмен кездесуге дайын екенін айтты

Қазіргі уақытта отандасымызбен кездесу өткізуге бірнеше боксшы дайын екенін айтты. Олардың қатарында америкалық боксшылар Джермалл Чарло, Деметриус Андраде, украиналық Сергей Деревянченко, ирландиялық Гэри О'Салливан, бразилиялық Ямагучи Фалькао, екінші орта салмақтағы WBO чемпионы Хильберто Рамирес және кіші Хулио Сезар Чавес бар.

Сондай-ақ "Канело" жекпе-жектен бас тартқаннан соң Сондерс те Головкинді жекпе-жекке шақырды. Ол қазақстандық боксшыны барлық белбеу үшін жекпе-жек өткізуді ұсынды.

Головкинмен кездесуге ережесіз жекпе-жек өкілі де дайын екен. Нақтырақ айтатын болсақ, отандасымызды UFC болашақ жұлдызы Брайан Ортега айқасқа шақырды.







Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама