30 нокауты бар боксшы Головкинді жекпе-жекке шақырды

©DAZN

Мексикалық боксшы Хайме Мунгия (38-0, 30 КО) орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Геннадий Головкинді (41-1-1, 36 КО) жекпе-жекке шақырды. 

Мунгия Головкинмен 19 ақпан күні Деметриус Баллардпен (21-0-1, 13 КО) өтетін айқастан кейін кездесуге дайын. Ал қазақстандық боксшы болса оған дейін жапониялық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) кездесуі керек. 

"Головкин мен Мурата арасындағы айқастың жеңімпазымен кездескім келеді. Екеуінің кез-келгенімен шығуға дайынмын. Содан соң Чарло, Андраде немесе Карлос Адамеспен жекпе-жек өткіземін", - деді Мунгия Un Round Más басылымына берген сұқбатында. 

Айта кетейік, Мунгия бұған дейін бірінші орта салмақта WBO чемпионы болып, белбеуін бірнеше рет қорғаған. Кейін ол 160 фунтқа, яғни орта салмаққа көтерілген. Ол тіпті осы салмақта WBO белбеуінің иегері Деметриус Андрадемен кездесуге үмітті болды. Алайда бұл боксшылардың жолы тоғыспады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар