17 нокауты бар украиналық боксшы Тұрсынбай Құлахметпен кездесуге келісті

Сурет боксшының әлеуметтік желісінен алынды.

Украиналық боксшы Станислав Скороход (20-2, 17 КО) бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Тұрсынбай Құлахметпен (4-0, 3 КО) кездесу өткізуге келісім берді. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында ол келіссөз бастауға дайын екенін айтты. 

"Жарақатымнан жазылдым. Осы жарақатыма байланысты Құлахметпен кездесу өткізе алмай қалдым. Енді онымен кез келген елде кездесуге дайынмын. Ұсыныстарды да қабылдаймын. Маған мықты қарсыласпен кездесу өткізген ұнайды", - деді боксшы украиналық боксшы. 

Еске салайық, Құлахмет пен Скороход арасындағы кездесу 10 шілде күні Алматы қаласында өтуі керек еді. Бірақ украиналық жарақат алып, кездесуден бас тартты. 

Сосын оның орнына ресейлік Алексей Евченко (19-15, 8 КО) шығып, оныншы раундта жеңілді. 

Осы кездесуден Құлахмет пен Скороход кездесуі қайта ұйымдастырылады деген ақпарат шықты. Бірақ мұны қазақстандық боксшының өкілдері растамады. 

Айта кетейік, 32 жастағы украиналық боксшының жекпе-жек өткізбегеніне бір жылдай уақыт болды. Ол соңғы рет өткен жылдың шілдесінде шаршы алаңға шығып, отандасы Владислав Танцюруді (2-8, 1 КО) жеңген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар