WBO президенті Әлімханұлына жауап берді

©Boxing Scene

Бүкіләлемдік бокс ұйымының президенті (WBO) Пако Валькарсель қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының ұсынысына жауап берді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Осыған дейін Әлімханұлы твиттер парақшасында: "Алдағы уақытта 160 фунтта чемпион болған соң, 168 фунтқа ауысамын. Сол кезде (160 фунт) чемпиондық белбеуімді сақтап қаласыздар деген ойдамын", - деп жазған еді. Сондай-ақ, қазақ боксшысы өз жазбасында ұйымның қазіргі чемпионы америкалық Деметриус Андраденің (31-0, 19 КО) басқа салмақ дәрежесіне ауысқанымен чемпиондығын сақтап қалғаны туралы да айтқан болатын.

Өз кезегінде Валькарсел Жәнібекке: "Сәттілік", - деп жауап берді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport