WBC трансгендерлер боксына қатысты мәлімдеме жасады

© iStock. Иллюстрациялық сурет

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) трансгендерлердің кәсіпқой бокста өнер көрсетуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ұйым жыл сайынғы өтетін конгрессінде осы мәселені талқыламақ.

"Трансгендерлердің жекпе-жектерге қатысуы - даулы тақырып.

Трансгендер әйелдердің спорттық жарыста цисгендер әйелдерден басымдығы бары айтылады. Бұл айырмашылық гормоналды терапаиямен толық кетпейді делінеді. 

Басқа тарап жыныстық жетілу блокатролары мен эстроген тестостеронды басып, бұлшық етті азайтады, сондықтан трансгендерлердің бәсекелістік артықшылығы төмендейтінін айтады. 

WBC құндылығы - түзу ниет, әділдік пен адалдық. Біз боксты асқақтатып, боксшылар денсаулығын ойлаймыз. Адам құқын қорғап, дискриминацияға қарсымыз. Біз бокс бәріне ортақ деп есептейміз. 

Жыл сайынғы конгессіміздің келесі отырысында трнасгендерлік бокс талқыланатын басты тақырып болады", - делінген ұйым мәлімдемесінде. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: