WBC Олимпиадаға қатысқан кәсіпқой боксшыларды шеттетіп тастамақ

© AKboxing
Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) 2020 Олимпиада ойындарына қатысатын кәсіпқой боксшыларға санкция қолданатын болады. Ұйым мұндайды споршылар денсаулығына зиян деп есептейді, - деп хабарлайды AllBoxing.Ru.

Мексиканың бокс федерациясының аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы Энди Руиске Токио Олимпиадасына қатысу ұсынысы бойынша WBC президенті пікір білдірді. 

"WBC кәсіпқой боксшыларды Олимпиада ойындарына қатысуға ынталандыруға мүлде қарсы. Олимпиададағы әуесқой бокстың кәсіпқойдан айырмашылығы үлкен. Бұл спорттың мүлде бөлек екі түрі, сондықтан бұл өте қауіпті. Бұған келісе алмаймыз. Кез келген кәсіпқой боксшы, чемпиондар мен бұрынғы чемпиондарды қоса, Олимпиадаға қатысқысы келсе, WBC-ден екі жылға шеттеледі", - дейді ұйым басшысы Маурисио Сулейман.

Айта кетейік, Екатеринбургте өткен әуесқой бокстан әлем чемпионатында 25 жастағы супер ауыр салмақтағы Баходир Джалолов (6-0, 6КО кәсіпқой рингте) бірінші раундта 20 жастағы Ричард Торресті ауыр нокаутқа түсірген. Ал амеркиалық боксшы болашағы зор спортшы есептелген. Осының салдарынан оны рингтен зембілмен алып кетті де, кейін ауруханаға жатқызды.