WBC Жәнібек Әлімханұлын рейтингтен шығып тастады

©instagram.com/janibek_alimkhanuly/

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) жаңартылған Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) рейтингінен шығып қалды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

21 мамыр күні Әлімханұлы ұлыбританиялық боксшы Дэнни Дигнумға (14-0-1, 8 КО) қарсы кездесуде орта салмақта WBO ұйымының "уақытша" чемпиондық атағын сарапқа салады. Осы үшін де WBC қазақстандық боксшыны өз рейтингінен шығарып тастаған. 

WBC рейтингінің жаңартылған тізімінің оныншы сатысына Мейірім Нұрсұлтанов (16-0, 9 КО) жайғасқан. 

Ал аса ауыр салмақта Жан Кособуцский (16-0, 9 КО) 19-орында тұрса, бірінші ауыр салмақта Қамшыбек Қоңқабаев (5-0, 4 КО) 32-орынға орналасты. 

Екінші орта салмақта өнер көрсететін отандасымыз Айдос Ербосынұлы (20, 16-0, 11 КО) мен Али Ахмедов (21, 18-1, 14 КО) тізімде бір-біріне жақын тұр. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport