WBA қазақстандық нокаутшының кейінгі жеңісін жоғары бағалады

© Eye of the Tiger Management
Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) нокаутпен жеңістен кейін қазақстандық Батыр Жүкембаевты (18-0, 14 КО) өз рейтингіне қосты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бірінші жартылай орта салмақта жұдырықтасатын Жүкембаев жаңартылған рейтингте он бесінші тұр. 26 қаңтар Монреальда өткен кейінгі жекпе-жегінде қазақстандық боксшы мексикалық Рикардо Лараны (22-8, 10 КО) екінші раундта сұлатқан болатын. 

"Уақыты келді". Канададлық маман қазақстандық нокаутшының чемпиондық жекпе-жегі жайлы

Бастапқыда қарсылас аргентиналық Максимилиано Рикардо Верон (12-3-1, 4 КО) болу керек еді. Алайда ол Канадаға виза ала алмады.