WBA Бейбіт Шүменовті 24 нокауты бар бельгиялықпен жекпе-жекке міндеттеді

2 желтоқсан 2020 11:03
Сурет: BoxingScene.com

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) ауыр салмақта ұйым чемпионы Бейбіт Шүменов (18-2, 12 KO) пен бельгиялық үміткер Рияд Мерхи (29-1, 24 KO) арасында жекпе-жек белгіледі

WBA екі тарапқа да ереже бойынша чемпион титулды иеленгеннен кейін тоғыз ай өтісімен белбеуін міндетті қарсыласқа қарсы қорғау керектігін хабарлады. Шүменов WBA Regular титулын 2018 жылдың 7 шілдесінде жеңіп алған, ал міндетті қорғауы 2019 жылы 6 сәуірде өту керек еді. Осылайша, қазақстандық боксшы қорғауын бір жылға кешіктірген. Ендігіде ол "уақытша" чемпион және ресми үміткер Мерхимен жақын арада жекпе-жек өткізуі тиіс. 

Шүменов пен Мерхи командаларында келіссөзге 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін 30 күн уақыты бар. Егер осы уақытта тараптар келісімге келе алмаса, промоутерлік сауда белгіленеді.